
Оқыту және дамыту маманы (Middle L&D) 🚀
мұхамеджан · На сервисе с: 23.09.26 11:27
Оқыту және дамыту маманы (Middle L&D) 🚀
Қызметкерлердің жаңа нәрсе үйреніп, өз жұмысында өсуіне көмектескің келе ме?
FM Online-да біз HR бағытын дамытып, әр қызметкерге өсу жолын көрсететін жүйе құрып жатырмыз. Қазір осы жұмысты бірге жүргізетін Middle L&D Specialist іздейміз.
Сен оқу бағдарламаларын дайындап, қызметкерлердің даму жоспарларын жасауға және команданың өсуіне көмектесесің.
Біз туралы қысқаша
FM Online — оқушыларды физика, математика және информатика пәндерінен ҰБТ-ға дайындайтын EdTech компаниясы.
Қазір командамызда 150-ден астам қызметкер бар. Біз өсіп келеміз, сондықтан HR бағытын да дамытып жатырмыз. Қызметкерлерге арналған оқу бағдарламаларын іске қосып, олардың әрі қарай өсуіне көмектесетін жүйе құрып жатырмыз.
Сен немен айналысасың?
Сен HR Generalist және бөлім басшыларымен бірге жұмыс істейсің. FM Online-да нақты жобалар арқылы L&D саласында тәжірибе жинап, уақыт өте оқу бағдарламаларына көбірек жауапкершілік ала аласың.
Бізге сай келесің, егер…
Біз үшін сенің тәжірибең мен L&D саласында дамуға деген қызығушылығың маңызды. Үлкен жобаларды өз бетіңше жүргізген болуың міндетті емес. Жаңа нәрселерді командамен бірге үйрене аласың.
FM Online-да сені не күтеді? 💚
💰 Айлық — 300 000 ₸.
📍 Астанадағы кеңседе жұмыс. Кесте: 5/2, 12:00–20:00.
📚 Майк Притуланың HR бойынша оқуы — Mike Pritula Academy негізін қалаған, Wargaming, Preply және iDeals компанияларында жұмыс істеген HR маманының оқу материалдары.
🚀 Корпоративтік оқыту — компания есебінен сыртқы курстарға және кәсіби оқу бағдарламаларына қатысу мүмкіндігі.
🏆 Жыл сайынғы марапаттау — жыл соңында қызметкерлердің жұмыс нәтижелерін атап өтіп, үздіктерді марапаттаймыз. Сыйлықтар арасында Дубайға жолдама, MacBook және басқа да бағалы сыйлықтар бар.
🎂 Туған күніңде Day Off — қосымша бір күн демалыс.
🤝 HR командасымен жұмыс — HR Generalist қолдауы, бөлім басшыларымен бірге жұмыс істеу және L&D саласында өсу мүмкіндігі.
Танысайық! 💌
L&D саласында дамып, өзің дайындаған оқу бағдарламаларының нәтижесін көргің келе ме?
Онда өтінім қалдыр! Бұған дейін қандай оқу жобаларына қатысқаныңды айтып бер.
FM Online-дағы жаңа оқу бағдарламаларын бірге іске қосайық! 💚
HireSeeker собирает вакансии со всех площадок и присылает только релевантные. Бесплатно.