Вакансии daryn.online: работа в IT и digital
Вакансии компании daryn.online в IT и digital за последние 30 дней. Направления найма, города и форматы работы. Дубли объединены. HireSeeker — независимый агрегатор вакансий.
Найдено: 2. Обновлено .
Города с вакансиями
- Алматы2
Страны с вакансиями
- Казахстан2
Форматы работы
- Офис2
Daryn.online — Қазақстандағы жетекші онлайн білім беру платформаларының бірі. 2019 жылдан бері білім беру нарығында жұмыс істеп келеміз. Осы уақыт ішінде 4,5 миллионнан астам қолданушыға білім алуға мүмкіндік ұсынып, 7 жылдық тәжірибе жинақтадық.
Оқушыларды ҰБТ, НЗМ, БИЛ, Дарын және басқа да үздік оқу орындарына авторлық әдістемелер арқылы дайындаймыз.
Қазіргі таңда командамызға TikTok және Instagram платформаларында креативті контент жасап, жоғары қаралым көрсеткіштеріне қол жеткізе алатын SMM-менеджер іздейміз!
Негізгі міндеттеріңіз:
- Аптасына 70 видеоға арналған рубрикатор мен контент-жоспар әзірлеу.
- Күніне 10 TikTok видео түсіру, монтаждау және жариялау.
- Трендтер мен бәсекелестерді бақылап, жаңа контент идеяларын ұсыну.
- Күрделі видеоларға сценарий жазу және видеографпен, командамен бірлесіп түсірілім жасау.
- Stories жүргізу, пікірлер мен Direct-ке жауап беру.
- Контент арқылы аудитория белсенділігі мен қаралым санын арттыру
Қандай талаптар біз үшін маңызды:
- SMM саласында 1 жылдан аса жұмыс тәжірибесі.
- TikTok және Instagram алгоритмдерін түсіну.
- Трендтермен жұмыс істей білу, видеоға сценарий жазу.
- Телефонмен сапалы видео түсіру және монтаждау дағдылары.
- Кадр алдында еркін сөйлей білу.
- Командамен жұмыс істей алу.
- Жауапкершілік, коммуникабельділік және нәтижеге бағытталу.
- SMM немесе мобилография курстарының болуы — артықшылық.
Жұмыс шарттары қандай:
- Тұрақты жалақы: 200 000 ₸
- KPI бонусы: 100 000 ₸
- Икемді жұмыс кестесі
- Толық жұмыспен қамту
Жұмыс уақыты: 10:30–19:30 аралығы. Сабақ кестесі болған жағдайда, жұмыс уақытын өзара келісіп реттеуге болады.
Тәжірибеңізге байланысты немесе келіскен уақыт аралығында жұмыс нәтижеңізге байланысты жалақы мөлшерін қарастыра аламыз!
Егер креативті идеяларыңызды миллиондаған аудиторияға жеткізіп, контент арқылы нақты нәтижеге қол жеткізгіңіз келсе, Daryn.online командасына қосылыңыз!
🚀 DARYN.USTAZ КОМАНДАСЫНА ПРОДУКТ МАРКЕТОЛОГЫН ІЗДЕЙМІЗ!
Daryn.Ustaz – «Әділет» партиясымен бірлескен, еліміздің барлық өңіріндегі мұғалімдерге арналған республикалық ауқымдағы жоба.
Бүгінде жоба:
- Қазақстан бойынша 400 000+ мұғалімді қамтиды;
- Жасанды интеллектпен (AI) жұмыс істеу мүмкіндігін ұсынады;
- Мемлекеттік деңгейде сенім мен танымалдыққа ие.
Біздің мақсатымыз – Қазақстандағы әрбір мұғалімнің жұмысын жеңілдететін AI шешімдерін әзірлеп, оларды кеңінен тарату.
Қазіргі уақытта командамызға өнімнің дамуына үлес қосатын, клиенттерді тарту және ұстап қалу стратегияларын әзірлейтін Продукт маркетологын (Product Marketer) іздейміз.
💼 Сіздің негізгі міндеттеріңіз:
- Жаңа клиенттерді тарту және қолданыстағы клиенттерді ұстап қалу бойынша маркетингтік гипотезалар құрастыру және тестілеу;
- Платформаны пайдаланушылар санын арттыру (DAU & MAU);
- Платформаны тұрақты пайдаланатын клиенттерді апталық, айлық және жылдық ақылы жазылымдарға конверсиялау;
- Өнімді пайдалану белсенділігін және клиенттердің төлем жасау көрсеткіштерін арттыру;
- Өнімнің тиімділігін арттыруға бағытталған маркетингтік шешімдер ұсыну.
🎯 Қандай талаптар маңызды:
- Өнім маркетингі немесе Digital Marketing бағытында 1–3 жыл жұмыс тәжірибесі;
- Өнім маркетингі, Digital-маркетинг және маркетингтік стратегия негіздерін білу;
- Аналитикалық ойлау және гипотезалармен жұмыс істей білу;
- Коммуникацияға бейімділік;
- Жауапкершілік және уақытты тиімді басқара білу.
Қосымша артықшылық болады, егер:
- Digital Marketing немесе Product Management бағытындағы курстардан өткен болсаңыз.
💰 Біз ұсынатын шарттар:
- Тұрақты жалақы: 250 000 – 300 000 ₸;
- KPI бонусы: 100 000 – 300 000 ₸;
- Жұмыс кестесі: 5/2, толық жұмыс күні;
- Жұмыс уақыты: 10:00–19:00;
- Толық жұмыспен қамту.
Маңызды: Тек толық жұмыс күніне шығуға дайын, тұрақты жұмыс форматын қарастыратын мамандарды қабылдаймыз. Жартылай жұмыс күні немесе қосымша жұмыс іздеп жүрген кандидаттар қарастырылмайды.
📩 Егер сіз өнімді дамытуға, маркетингтік гипотезаларды іске асыруға және нақты нәтижеге жұмыс істеуге дайын болсаңыз, біз сізді командамызда күтеміз!
Вакансии по профессиям
Как составлена подборка
Показываем активные предложения IT и digital, опубликованные за последние 30 дней. Дубли объединяем. Условия и наличие вакансии могут измениться после обновления: проверяйте их перед откликом.